Лантар Трейд — Қазақстандағы жетекші білім баспаларының бірі. Біз жоғары оқу орындары мен колледждерге арналған оқулықтар, оқу құралдары және оқу-әдістемелік құралдарды басып шығарамыз. Біздің өнімдеріміз заманауи оқу бағдарламаларына сәйкестендіріліп, авторлармен бірлесе отырып жасалады.
Баспамызда 360-тан астам басылым жарық көрген. Бұл — түрлі пәндер мен бағыттар бойынша құрылымдалған нақты білім көзі. Біз білім саласына шынайы үлес қосып, оқытушылар мен студенттердің сенімді серіктесі болуға ұмтыламыз.
Біздің басты құндылығымыз — оқу материалдарының сапасы мен қолжетімділігі. Лантар Трейд авторларға оқулықтар мен оқу құралдарын тегін шығаруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде білім алушылар үшін үлкен көмек.
Бізбен 240-тан астам автор жұмыс істейді. Әр автордың еңбегі біздің редакторлармен және дизайнерлермен тығыз байланыста пісіп-жетіледі. Бұл — сапалы әрі мазмұнды оқу-әдістемелік құралдардың кепілі.
Білім — болашақтың кілті. Біз осы кілтті әрбір студентке ұсыну үшін жұмыс істейміз.
Біздің блогта оқу құралдарын шығару, баспа үрдісі, авторлық құқық, келісімшарттар мен жарнама туралы пайдалы кеңестер бар.
Блогты оқу